Солтүстік Македония халықаралық үзіліс кезінде арабтармен жолдастық матч өткізді.
Бапкер Благоя Милевский бұл ойынға жолдастық ретінде қарамады. Себебі Македония халықаралық ареналарда 10 матч қатарынан жеңілмей келеді. Оның үстіне жолдастық кездесуден де құрама жеңісіне қосымша ұпайлар түседі. Ал бұл құрамалар рейтингінде қай командаға болмасын өз позициясын жақсартып алуға мүмкіндік туғызады. Сол себептен, бапкер арабтарға қарсы ойында Трайковский, Эльмас, Барди, Алиоски, Деспотовский, Ристовски сынды танымал, мықты футболшыларын шығарды. Алайда бүгін македониялықтардың жолы болмады. Саудиялықтар 2:1 есебімен басым түсті.
Жалпы Македония Әлем чемпионаты іріктеуінде 4 кездесу өткізді. Соның барлығында Милевский шәкірттері сәтті аяқтап, 8 ұпаймен турнир кестесінде 2 орынға жайғасты.
Айта кетейік, 13 қазан күні қызыл арыстандар Скопьедегі “Тоше Проески” стадионында біздің жігіттерді қабылдайды. Алайда бүгінгі матчта жеңіліс тапқан Қазақстанның алдағы кездесулер арқылы Әлем чемпионатына жолдама алуға еш мүмкіндігі қалмады.
Біздің серіктес: FONBET