Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтарынан кейін, Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 39-орынға жайғасты.
Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында финляндиялық «КуПС» командасын 4:0 есебімен жеңді.
«Астана» командасы да «Зимбруды» жеңіп, Конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Ал «Ақтөбе» чехиялық «Спартадан» 0:4 есебімен жеңіліп, еурокубоктық маусымын аяқтады.
УЕФА коэффициенттер кестесі:
Англия – 94.839 (4,000);
Италия – 84.374 (3,428);
Испания – 78.703 (3,750);
Германия – 74.545 (3,428);
Франция – 67.748 (2,571);
Нидерланд – 60.450 (2,500);
Португалия – 54.366 (1,700);
Бельгия – 52.350 (1,500);
Түркия – 42.400 (1,600);
Чехия – 39.200 (1,700);
Қазақстан өткен аптада да дәл осы 39-орында тұрған болатын.
Біздің серіктес: FONBET