Олег Воскобойников “Жеңіс” командасының қақпашыларының дайындығына жауапты маман болып тағайындалды
54 жастағы маман бұл қызметте Ильдар Шейхисламовты алмастырды. Еске салсақ, Ильдар Равильұлы “Жеңістегі” келісім шарты аяқталысымен, қарағандылық “Шахтердың” ұсынысын қабыл алған болатын.
Олег Воскобойников бапкерлік мансабын сонау 2009 жылдан бері жалғап келеді. Ол әр жылдары “Ордабасы”, “Тараз”, “Қайрат”, “Астана”, “Тұран” командаларында еңбек етті.
"Жеңіс” командасындағы қызметімен қоса, Воскобойников ел құрамасындағы қақпашыларды дайындау жұмыстарына ат салысады.
Біздің серіктес: FONBET