Жарнама
Жарнама

“Қазақстанның жағдайы өте нашар” ….

08.09.2025, 14:00

Қазақстан құрамасының Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылуы тек ел ішінде ғана емес, шетелдік ақпарат құралдарында да үлкен талқыға түсті. Ресейдің танымал sports.ru порталы ұлттық құрамаға өте төмен баға берді.

Жарнама
Жарнама

Басылымның жазуынша, Бельгия ойында толық үстемдік құрғанымен, есеп тек алғашқы таймның соңында ашылды.

Бұл жеңістен кейін Де Брюйне Бельгия құрамасы тарихындағы екінші үздік сұрмерген атанды. Оның еншісінде 34 гол бар. Ол Эден Азарды басып озды, ал көшбасшы Ромелу Лукаку (89 гол).

Sports.ru Қазақстан құрамасының қазіргі жағдайын өте ауыр деп бағалады:

– Жалғыз жеңіс – Лихтенштейнге қарсы 2:0.

– Қалғаны – төрт жеңіліс: Уэльс (1:3, 0:1), Солтүстік Македония (0:1) және Бельгия (0:6).

– Соңғы төрт ресми ойында Қазақстанның нәтижесі – 1:12. Бұған қосымша Беларуспен өткен жолдастық кездесудегі 1:4 есебі бар.

"Қазақстаннан бәрі үміт күткен еді. Әсіресе Еуропа чемпионаты алдындағы жақсы мүмкіндіктерден кейін. Бірақ қазір бәрі тым нашар көрініп тұр.” — деп жазды басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров