Бүгін, 18 қараша күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарымен жолдастық ойын өткізеді.
Хорватияда өтетін ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Бұл ойында бас төреші міндеті Дуйе Струканға сеніп тапсырылады. Ол осы маусымда Хорватия чемпионатынан бөлек, УЕФА Конференция лигасының екі ойынында бас қазы болған. Оған Горан Патаки, Хрвое Радич, Матео Эрцег көмектеседі.
Айта кетейік, отандық жанкүйерлер матчты Qazsport арнасынан тамашалай алады.
Біздің серіктес: FONBET