“Ақтөбе” клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет туған жеріне деген сағынышын жасырмады.
Offside.kz мәліметінше Еркебұлан болашақта “Тараз” клубына көмектесуді ойлап жүр.
Сейдахмет кәсіби мансабын дәл осы Тараз қаласында бастаған. Қазір туған клубы бірінші лигада өнер көрсетіп жатқанымен, Еркебұлан оның қайтадан ел футболының жоғарғы сатысына көтерілуіне сенім білдірді.
“Өкініштісі — қазір “Тараз“ бірінші лигада ойнап жүр. Ал бұл клуб әрдайым дарынды футболшылардың ұясы болған. Сенемін, болашақта командада мықты басшылық пен демеушілер пайда болып, олар қайтадан жоғары лигаға оралады. Тіпті, Еурокубоктарға шығуға мүмкіндік алады.” — деді футболшы.
Ол сонымен бірге өз мақсаты мен арманы туралы да айтты:
“Ақтөбемен“ чемпион атанған соң, міндетті түрде “Таразға“ көмектескім келеді. Егер туған қаламыздан шыққан барлық жігіттер бірігіп, клубты қолдаса, бұл жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш болар еді.” — деді Сейдахмет.
Біздің серіктес: FONBET