Жарнама
Жарнама

«KAZsport» телеарнасында «Қайрат» - «Тобыл» матчы

07.03.2015, 17:28
Жарнама
Жарнама
Ертең футболдан Қазақстан Премьер лигасының ойындары басталады. Ең тартысты да қызықты матч Алматыда өтеді деп күтілуде. Алматылық «Қайрат» Орталық стадионда қостанайлық «Тобылды» қабылдайды. Алматылықтардың сапынан Гамбия құрамасының ойыншысы Момоду Сисей жарақатына байланысты ойынға қатыспайды. Ал, қостанайлық клубтың барлық ойыншылары аман-есен. Бұл екі команда өзара 42 рет кездескен. Әзірге басымдық 18 рет жеңіске жеткен «Тобылда». «Қайрат» 42 кездесудің 14-де ұтса, 10 матч тең нәтижемен аяқталған. Доптар айырмасында да (59-58) «Тобыл» алда. Айта кетейік, алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» клубтары арасындағы ойынды 7 наурыз күні сағат 16:50-де тікелей эфирде көре аласыздар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров