Жарнама
Жарнама

Әке көрген оқ жанар – Роналдудың ұлы ұлттық құрамада өнер көрсетті

31.10.2025, 16:00

Криштиану Роналду Жуниор Португалия U16 құрамасында дебюттік ойынына қатысты.

Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду Жуниор, аты аңызға айналған әкесінің ізін жалғап, Португалияның 16 жасқа дейінгі құрамасында тұңғыш ойынын өткізді. Ол бұл дебютін Копа дас Федерасонстурнирінде жасады.

Қазір “Әл-Наср” академиясында өнер көрсетіп жүрген 14 жастағы өз даңқ жолын бастады.

Криштиану Роналду 40 жасында да Сауд Арабиясында жоғары деңгейде ойнап жүр. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін, сол жылы ұлы 17 жаста болады — бұл жасында Ламин Ямаль мен Лео Месси кәсіби дебют жасаған еді. Демек, әке мен баланың бір командада ойнау арманы шындыққа айналуы мүмкін.

Өз сұхбаттарында Роналду бұл арман туралы ашық айтқан болатын:

“Ұлыммен бірге ойнағым келеді, бірақ бұл мені мазалап жүрген мақсат емес. Бұл — мен емес, оның қолындағы мүмкіндік. Уақыт өтеді, мен де бір күні тоқтауым керек.” — деген еді бес дүркін “Алтын доп” иегері.

Криштиану Роналду ұлын мақтан тұтады. Ол DAZN арнасына берген сұхбатында былай деді:

“Ол өте бәсекеге қабілетті, тура менің бала кезімдегідей. Жеңілуді жек көреді, бұл қасиет маған ұнайды. Оның дене дайындығы мықты, жылдам, техниқалық тұрғыда жақсы және соққысы күшті. Мен оған қысым көрсеткім келмейді — тек қолдау білдіргім келеді.”

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров