Кейн Уолкердің Мбаппеге шамасы жететіндігіне сенімді

10.12.2022, 23:33


Англия ұлттық құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн бүгінгі өтетін ойындағы Уолкер мен Мбаппенің текетіресіне тоқталып өтті. Оның ойынша, Кайл Киллианның адымын аштырмайды.


"Біз Кайл екеуміз бұрыннан доспыз. Бір-бірімізді бес саусақтай танимыз. Ол ғаламат қорғаушы. Соңғы 10 жылда өз деңгейін ұстап келеді. 


Уолкердің бүгінгі жұмысы Мбаппені тұсап ұстау. Ол команда үшін жармасып қалса да көмектеседі. Өзіне діттелген жұмысты мүлтіксіз алып шығады деген сенім мол".


Еске салайық, "тасбақа" Мбаппе ӘЧ 4 ойынында 5 гол салып, сұрмергендер көшін бастап тұр.