Жарнама
Жарнама

Кек қайтарылмай қалды

“Қайсар” командасы ішкі чемпионаттың 20-турында шымкенттік "Ордабасыны" ұта алмады.

Жарнама
Жарнама

Осыған дейін болған Премьер-лиганың 8-турында шымкентте қонақта болып, 5:0 есебімен ойсыратып ұтылған “Қайсар” ұжымы кек қайтарудың сәті келді деп, кешеден бері зар қақсаған болатын. Ойынға тіпті Қызылорда әкімі келеді деген сынаймен матчқа билетте сатылмаған еді. 

Қызу дайындықты талап еткен матч бүгін қас қағым сәтте өтті де, кетті. Алаң иелерінің өкінішіне қарай, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Матч барысында қасқырлар қатарынан Айбар Жақсылық пенальтиден гол соқса, оған “Ордабасы” Никола Античтің голдық нәтижесімен жауап қатты. Әрине, матчтың бұндай сценарийі “Қайсардың” көңіліне ұнамды болмағаны анық. Команда бүгінгі трибунадағы ыстық қолдаудың ақысы ретінде жеңіске жете алмады. 

Айтпақшы, бүгінгі матчтың соңғы минуттарында “Тараздан” ауысып келген, Димаш Серікұлы Премьер-лигадағы дебюттық ойынын өткізді. QJ League турнирінің алғашқы маусымының үздік ойыншысы жанкүйерлердің пікірінше, лайықты өнер көрсетіпті. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров