Осы апта жанкүйер қауымға ел клубтарының Еурлопа лигасында көрсеткен өнерімен есте қалды. Келесі апта да бізді еурокубтар ойындары күтіп тұр. Жанкүйер қауым да енді Еуропа лигасынан кейін Чемпиондар лигасын да тағатсыздана күтіп отыр.
Словакияның Либерец қаласында 17 шілде күні "Слован" - "Шахтер" арасындағы ойынмен биылғы маусымның басты клубтық додасы да тұсауын кеспек. Бұл ойынды сіздер "Ел Арна" арнасынан 23-00-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Ал бұл ойыннан кейін Еуропа лигасы өтетіндігін білесіздер. Бейсенбі күгі, яғни 19 шілде күні Молдованың "Милсами" клубымен "Ақтөбе" күш сынасса, Тронхеймде норвегияның серкесі "Руссенборг" командасына "Ордабасы" қарсы шықпақ. Бұл ойындардың ешқайсысы да республикалық теле арналарымыздың бағдарламалар кестесінде жоқ екен. демек, жанкүйер қауым аталған ұжымдардың ойындарын тек ғаламтор арқылы ғана біле алады.
Оған дейін ертең сіздер Қазақстан премьер-лигасының ойындарын тамашалай аласыздар. Әрине, егер де өз қалаңызда премьер-лигада өнер көрсететін команда болса. Өйткені ешбір арна осы турда ел біріншілігін көрсетпейді. Ал, "Шахтер" өз алаңындағы осы турдағы ойнын кейінге шегеріп тастапты. Оның себебі де түсінікті.
XVII тур 14 шілде (сенбі) 113. Шахтер – Оқжетпес 15 шілде (жексенбі) 114. Тобыл – Атырау 115. Ертіс – Астана 116. Қайрат – Сұңқар 117. Ақжайық – Қайсар 118. Ордабасы – Ақтөбе 119. Тараз – ЖетісуБіздің серіктес: FONBET