Келесі Чемпиондар лигасында Италиядан бес команда болады

19.04.2024, 15:45

Еурожарыстардың ширек финалдық кезеңдері аяқталды.

Сейсенбі, сәрсенбі мен бейсенбідегі матчтардың қортындысында Чемпиондар лигасына берілетін бонустық жолдамаларға таластағы жағдай өзгеріске ұшырады. Енді маусымдағы ең жоғары рейтингке ие екі ел қосымша бір-бір орыннан алады. Соның бірі ресми түрде белгілі болған - Италия. Осылайша, 2024-2025 жылғы ЧЛ топтық кезеңінде Италия А сериясында 5-орын алған команда өнер көрсету құқығына ие болып отыр. Ал екінші орынды Германия алатын секілді.

Маусым рейтингі келесідей:

  • Италия: 19,428;
  • Германия: 17,928;
  • Англия: 17,375;
  • Франция: 16,083;
  • Испания: 15,312