Биыл еліміз атынан Еурокубоктерде сынға түскен командалардың арасында сенім үдесінен шыққан жалғыз «Қайрат» қана.
Қалған клубтар іріктеуден ары аса алмай, төмен нәтиже көрсетті. Осының салдарынан Қазақстан УЕФА рейтингінде біршама төмен сырғыған болатын. Сөйтіп, келесі маусымда еліміздің атынан Еуропа Лигасына бірде-бір команда қатыса алмайтын болып отыр. Дәлірек айтсақ, Қазақстан УЕФА рейтингінде үздік 33 мемлекеттің қатарында жоқ. Мәселен, бүгінде Қазақстан Ирландия, Молдова, Исландия , Армения және Косово секілді қауымдастықтардан төмен тұр. Сонымен, келесі жылы Чемпиондар Лигасында ел намысын «Қайрат» қорғаса, Конференция Лигасында «Астана», «Тобыл» және «Елімай» бақ сынамақ.
Біздің серіктес: FONBET