Жарнама
Жарнама

Келесі маусымдағы басты аутсайдер? Тағы бір көшбасшы футболшы «Оқжетпестен» кетті

Бүгін, 13:13

Тимур Досмағамбетов «Ақтөбе» сапына ауысуға жақын. 36 жастағы жартылай қорғаушы «қызыл-ақтар» сапында жаттығып жүр деген ақпарат бар.

Тимур Досмағамбетов
Жарнама
Жарнама

Тимур ҚПЛ-2025-ті «Оқжетпес» клубында өткізген. Көкшетаулық команда жейдесінде ҚПЛ-де 23 кездесуге қатысып, 2 голдың авторы атанды. Футболшы мен «Оқжетпес» арасындағы келісімшарт бір жылға есептелген және қос тарап оны созу жағынан келісе алмаған ұқсайды.

Жартылай қорғаушының мансабында тағы «Астана», «Шахтер» Қарағанды, «Тараз», «Ордабасы», «Тобыл» сынды клубтар болды. Айта кетейік, Тимур осыған дейін де «Ақтөбе» намысын қорғаған – 2010/11 жылғы маусым. Тәжірибелі футболшы құрама деңгейінде де біраз матчта өнер көрсеткен – 21 ойын. Нарықтық бағасы 100 мың еуро.

Естеріңізде болса, бұған дейін көкшетаулықтар сапынан тағы бірнеше футболшы басқа командаларға ауысты. Атап айтсақ, шабуылшы Әлияр Мұхамед «Қайсарға» кетсе, Мейрамбек Қалмырза «Тобылға» қайтты (жалгерлік уақыты аяқталуына байланысты). Сондай-ақ, шабуыл шебіндегі көшбасшы ойыншылар Дәурен Жұмат пен Дамир Марат «Тобыл» сапын толықтырды деуге болады. 25 жастағы вингер Қостанайға ресми барса, Дәурен Жұматқа біраз клуб талас жүргізіп жатқан ұқсайды. Олардың арасында «Тобыл» белсенді көрінеді.

Қалай дегенде де көкшетаулықтар үшін әсіресе осы қос футболшының орны ойсырағалы тұр. «Оқжетпестің» алдыңғы шептегі креативына жауапты Дәурен мен Дамир болатын. Енді бұл олқылықтың орнын олар қайтып толтырмақ. Бір ғана мысал, «Оқжетпес» былтыр ҚПЛ-де 37 гол салған: соның үштен бір бөлігі Дәурен Жұматқа тиесілі. Былтыр жартылай қорғаушы Қазақстан премьер-лигасындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орыннан көрінді (13 гол). Дамирдың да көкшетаулықтар қатарындағы өнері көпшілік көңілінен шықты. Екі футболшы да «Оқжетпестегі» ойынымен Қазақстан құрамасына шақырту алғаны көп дүниеден хабар беретін шығар. Бұдан бөлек Әрсен Әшірбек «Елімай», Никола Цучкич пен Нияз Ыдырысов  секілді елеулі ойыншылар «Қайсар» жейдесін киді. Көкшетаулық клуб басшылығы шұғыл қимылдамаса келесі маусымда премьер-лигадағы басты аутсайдердің бірі болып қалуы ғажап емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров