Жарнама
Жарнама

Келесі жылдың жазында “Реал” командасынан Антони Рюдигер кетеді

Неміс орталық қорғаушысы бапкер Хаби Алонсоның алдағы жоспарына кірмейді екен.

Жарнама
Жарнама

“Реал” мен Антони арасындағы келісім шарты 2025/26 жылғы маусымның соңына дейін жарамды. Бірақта Рюдигердің командадағы ойнау мерзімі аяқталған соң, мадридтік клуб оны басқа ұжымға сатуды көздеп отыр. 

Орталық қорғаушының клубта қалмауына Хаби Алонсоның өзі ықпал етпек. “Реалдың” жаттықтырушысы жиі жарақат ала беретін 32 жастағы футболшының ойынына көңілі толмай жүр. Рюдигердің орнына коуч орталық қорғаныста Хейсен - Милитао тандемін ойынға қосуды әдетке айналдыруда.

Оның үстіне, басшылық Антониді жоғары жалақысы үшін де командада қалдырмауы мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: