Өткен маусымда Көкшетаулық "Оқжетпес" сапында өнер көрсеткен Мербиялық шабуылшы Страхиня Йованович жаңа клуб іздеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшы қазіргі уақытта Қазақстан Премьер лигасының тағы бір өкілімен бірге жаттығып жүр.
"Жетісумен” бірге, бірақ келісімшартсыз
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Йованович әзірге ешқандай ресми құжатқа қол қоймағанын нақтылады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Талдықорғандық "Жетісу” клубының оқу-жаттығу жиынында жүр.
"Әзірге ешқандай клубпен келісімшарт жасасқан жоқпын. Қазір "Жетісумен" бірге жаттығу үстіндемін. Бірақ бұл клубпен нақты мәмілеге келдік деп айту ерте — келіссөздер әлі де жалғасуда.” — деді Сербиялық легионер.
Біздің серіктес: FONBET