"Ақтөбе" тізгінін Еуропалық маман ұстауы мүмкін. Словакиялық бапкер Штефан Таркович пен Ақтөбелік ұжым арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
53 жастағы Штефан Таркович футбол әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар бапкер. Оның мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі — Словакия ұлттық құрамасын 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алып шығуы.
Сонымен қатар, ол келесідей ұжымдарда жемісті еңбек еткен.
– Клубтық деңгейде: Словакияның "Кошице” және "Жилина” секілді танымал клубтарын жаттықтырған.
– Халықаралық деңгейде: Словакия құрамасынан бөлек, көршілес Қырғызстан ұлттық құрамасында қызмет атқарып, Орталық Азия футболының ерекшелігімен танысып үлгерген.
Қазіргі таңда клуб пен бапкер арасындағы келіссөздер қарқынды жүріп жатыр.
Біздің серіктес: FONBET