Жарнама
Жарнама

«Кельн» сапындағы ойыншы вирус жұқтырды

05.05.2020, 17:21
Бундеслига өтпей қалса не болмақ?
Жарнама
Жарнама

Бундеслига біріншілікті қайта жалғастыруға дайындалып жатыр. Бірақ Германияда коронавирус індеті тоқтаған жоқ. Тіпті «Кельн» футбол клубында да вирус жұқтырғандар шықты. Алайда бұл жағдай биылғы маусымды жалғастыру туралы шешімге әсер етпейді дейді бундеслига өкілдері. Бірінші мамыр күні «Кельн» командасының баспасөз қызметі клубта үш адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған еді. Індет жұқтырғандардың барлығы да 14 күндік карантинге жіберілді. Ал, футболшылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жаттығуларын жалғастырып жатыр. Бұған дейін неміс футбол одағының басшысы Кристиан Зайферт егер Үкімет рұқсат берсе, маусымды тоғызыншы мамырда бастауды жоспарлап отырғандарын мәлімдеген. Яғни, матчтар жанкүйерсіз өтеді. Футболшылар бетперде киіп ойнайды.

Қанат Базылхан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров