Жарнама
Жарнама

Кеңестік командалар келісті ойнауда

18.02.2011, 08:53
Жарнама
Жарнама
Дәл қазір түнгі сағат 3:25 кеткен уақыт. Алматы қаласы тым-тырыс, тәтті ұйқыда. Бірақ мен ояу. Осы уақытта өтіп жатқан Еуропа лигасының ойындарын қадағалап отырған жайым бар.

"Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Бешикташ" - Динамо Киев арасындағы кездесуді жүргізіп болған сәтім осы. Әлі алда таңғы 6-да болатын осы турнирдің бүгінгі күні өткен барлық кездесулеріне шолу жасау міндеті тұр. "Иненью" стадионында өткен футболдан керемет әсер алмасам да, футбол деген сиқырдың шатпағында арбалып отқан тұсым. Қазақстандық жанкүйерлердің көьісіне қызықты болатын кеңестік командалардың нәтижелерін алдымен жазуды жөн санаймын. Футболымыз да, өміріміз де бір ұяда болған аралас ағайынның көрсетіп жатқан өнерлері жаман емес. Тек осы кезде сырт алаңда "Базельге" 2:0 есебімен ұтылып жатқан "Спартак" болмаса қалғандары жаман емес.

"Янг Бойз" деген тағы бір швейцариялық командамен сыртта өнер көрсетіп жатқан ресейлік клуб "Зенит" дәл қазір ғана гол жіберіп алды. Николас Ломберт салған допқа Лулич жауап қатты. Десе де, ойынның ең қызықты бөлігі әлі алда.

Грекияда ПАОКқа қарсы тұрып жатқан "ЦСКА" әзірге жеңісті ұстап тұр. Жалғыз голдың авторы осы жарыстың үздік мергендерінің бірі - Томаш Нецид.

Ал бұл ойындарға дейін қазандық "Рубин" "Твентеден" өз алаңында, өз алаңы болғанда "Лужникиде" 0:2 есебімен ұтылып қалған болатын. Сол секілді өз жерінде "Металист" командасы да Харьков жанкүйерлерінің көз алдында леверкузендік "Баерден" тас-талқан ұтылды. Есеп 0:4.

Міне, керемет, осы сөздерді жазып біткенімше табан астында "Спартак" екі доп соғып есепті теңестіріп кетті. Голдардың авторлары орыстың ұлдары Артем Дзюба мен Дмитрий Комбаров. Ойынның 90 минуты өтіп жатса да, әлң де есеп өзгеретінге ұқсайды.

"Спортингпен" тайталасып жатқан "Глазго" гол соқты. 66-минутта есеп ашқан Стивен Уйтакер.11 ойыншысы да португал ұлтының өкілі болып табылатын "Спортинг" осылайша шотланд жерінде жеңілуде.

[caption id="" align="aligncenter" width="500" caption="Болашағынан үміт күттіретін Руднев"][/caption] "Севилья" - "Порту" арасындағы кездесуде есеп 1:1. Сонымен қатар, тең түсіп тұрған "Наполи" мен "Вильяреал" кездесуін де айта кетейік. Польшаныі "Лех" командасы "Браганы" тізерлетті. Жалғыз голдың иесі латвиялық жас шабуылшы Артем Руднев. Осы жігіт жайында соңғы кездері көп мадақ естідік те. Болашағынан үміт күттіретін жақсы шабуылшы секілді.

"Штутгардқа" ұтылып жатып, жеңісті қолдан жұлған "Бенфиканың ерлігіне тәнтімін. Ойнаған соң соңына дейін тырмысып бағу керек. Бұл - футбол, мұнда жоқ деген әңгіме аз.

"Лилль" қақпасына тура осы отырыста "ПСВ" гол соқты. Есепті 2:2-ге жеткізген Вильфред Боума.

"Спарта" қақпасының кілтін "Ливерпуль" де табар емес. Торрестің орнына келген Суарестен бір үміт бар.

Түн ұйқымды ұрлаған осы футболдан кеше керемет ләззат алып едім. "Барселонаны" жеңіп кеткен "Арсенал" осы өнердің ғаламаттығы мен кереметтігін бір көрсетіп, жүрегімді бір жылытып еді. Қуанышым мен күйінішіме, шаттығым мен сорыма айналған осы футбол үшін айтар еш өкпем жоқ. Тек, Еуропадағы сағаттық белдеудің біздің елдегіден бақандай 5 сағатқа кеш екені майы таусылғалы отырған көзімнің соры болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров