"Шахтер" клубы алғаш рет әйелдер командасын құрғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қарағандылық "Шахтер" клубы өз тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды жаңалықпен бөлісті. Еліміздің ең байырғы ұжымдарының бірі ресми түрде әйелдер командасының жасақталғанын мәлімдеді. Бұл қадам облыс футболының дамуына жаңа серпін бермек.
"Шахтер" футбол клубының тарихында алғаш рет әйелдер командасы құрылды.
Клуб құрылымында әйелдер командасы жасақталып, "Шахтер” атынан ҚПЛ деңгейінде өнер көрсетеді.
Құрамның негізін 2005–2010 жылы туған клуб тәрбиеленушілері құрайды. Тек екі ойыншы ФК Астана клубынан шақырылды, қалғаны – жергілікті футболшы қыздар.
Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сәуір айының ортасында өтетін екінші жиынға дайындалуда.
Маусымның алғашқы матчы Қарағандыда өтеді. Қарсыласымыз семейлік "Елімай".
Клуб тарихындағы жаңа кезең басталды.” – деп мәлімдеді клуб ресми түрде.
Біздің серіктес: FONBET