Жарнама
Жарнама

КЕНШIЛЕРДIҢ КӨҢIЛI ТОҚ

11.01.2012, 21:28
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық “Шахтер” оқу-жаттығу жиынындағы алғашы жолдастық кездесуiн жеңiспен аяқтады. Молдавалық “ЦСКА-Рапид” клубымен өткен ойын 1:3 есебiмен кеншiлердiң пайдасына шешiлдi.
25-минутта “Шахтердiң” жартылай қорғаушысы Игорь Пикалкиннiң соққан голынан кейiн Серiк Досманбетов бiрiншi тайм аяқталуға тақағанда нәтиженi еселедi. 65-минутта команда капитаны Андрей Финонченко есептi 3:0-ге жеткiзген. Қарсыластардан Александр Тофан 68-минутта жалғыз голды әупiрiммен енгiздi.
Виктор Кумыков баптайтын “Шахтер” жаттығу барысында тағы бес жолдастық кездесу өткiзудi жоспарлап отыр. "жас алаш"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров