Ресейлік "Спорт-Эскпресс" сайты Александр Кержаковтың алматылық клубтан кетуіне ықпал еткен жағдайлардың мән-жайын айтты.
"Соңғы екі турда "Қайрат" неліктен екен, тығырыққа тірелді. Кержаковтың бұрынғы командасы "Тобылмен" кездесуде жеңілістен тек қосымша уақытта аман қалған - 2:2. Жанкүйерлер мен клуб басшылығына әсіресе, команданың өз алаңында екі күн бұрын Конференция Лигасында аса қиын кездесу өткізген "Астанадан" ұтылуы ерекше ауыр тиген болатын. Астаналықтар сырт алаңдағы сәтсіздіктен кейін (0:2) қарымта бәсекеде норвегиялық "Браннды" жеңді (3:0).
Біздегі мәлімет бойынша, "Астанамен" өткен матчтан кейін Кержаков футболшылар алаңда барын салып ойнамады деп есептеген. Сол ойыннан кейін футболшылармен әңгімелескен Кержаков өз қызметінен кетуге шешім қабылдады", - делінген ресейлік сайттың материалында.
Айта кетейік, Александр Кержаков "Қайраттың" тізгінін мамырда ұстаған болатын. Ресейлік маманмен бірге алматылық команда 12 ойын өткізіп, 6 рет жеңіске жетті. 3 матча тең ойнап, тағы сонша бәсекеде жеңіліс тапқан. ҚПЛ-дің 18 турынан кейін "Қайрат" бірінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET