"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков Алматылық клубтың деңгейіне, қаланың тыныс-тіршілігіне және клубтың ішкі әлеуетіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Adam Zubayraev YouTube-арнасына берген сұхбатында Кержаковтың айтуынша, "Қайраттан” ұсыныс түскенде ол көп ойланбаған. Оған клубтың тарихы мен алға қойған биік мақсаттары қатты әсер еткен:
"Қайрат” — аты аңызға айналған, тарихы терең ұжым. Команданың чемпиондыққа деген ұмтылысы нақты сезіліп тұрды. Олар төрт жыл бойы алтынға қол жеткізе алмай жүргендіктен, менің тарапымнан ешқандай күмән болған жоқ. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды." — деді жаттықтырушы.
Ресейлік маман клубтың материалдық-техникалық базасына ерекше тоқталды. Оның пайымдауынша, "Қайраттың” жағдайы көптеген Еуропалық клубтардан кем түспейді:
Кержаков клуб базасын "өте керемет” деп сипаттап, "суперклуб” деңгейіне лайық деп атады.
Алматы қаласының сұлулығы мен тұрғындардың қонақжайлылығы да жаттықтырушының жүрегінен орын алған екен.
Біздің серіктес: FONBET