Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы алдағы ойын туралы пікір білдірді.
"Біз бейсенбі күні өз жұмысымызды атқардық. Екінші ойынға дайындалуға бар болғаны екі-ақ күн болды, бірақ біз барынша дұрыс дайындалуға тырыстық. Мұндай матч ешқашан жеңіл болмайтынын жақсы түсінеміз. Қазақстанның ұпайы көп емес, сондықтан жеңу үшін біз жүз пайыз күш салуымыз керек. Олар қорғаныста ойнап, қарымта шабуылға үміт арта ма? "Андерлехт” стадионында ойнаймыз ба? Мен үшін ең бастысы стадионның толы болуы. Шынымды айтсам, "Король Бодуэн" жартылай ғана толып тұрса, көңілсіз болар еді."
Біздің серіктес: FONBET