Жарнама
Жарнама

Кевин де Брюйне Қазақстанға келмейді

28.10.2025, 13:00

"Наполи" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне "Интерге" қарсы өткен матчта ауыр жарақат алып қалды. 

Жарнама
Жарнама

Бельгиялық футболшы пенальти соғу кезінде жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Дүйсенбі күні "Наполидің” ресми сайты Кевин Де Брюйненің жарақаты туралы ақпарат жариялады. Медициналық тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді — футболшының оң санындағы бицепс феморис бұлшық еті қатты жыртылғаны анықталған.

Клуб мәлімдемесінде:

"Кевин оң аяғындағы жарақат бойынша толық тексеруден өтті. Диагноз — бицепс феморис бұлшық етінің айтарлықтай жыртылуы. Ол қалпына келу бағдарламасын бастап кетті.” — деп жазылған.

Алайда, оның алаңға қайта оралу мерзімі әзірге белгісіз. Кейбір дереккөздерге сүйенсек ол кемі 1-айсыз алаңға шықпайтын көрінеді.

Антонио Конте жаттықтыратын команда "Интерді” 3:1 есебімен ұтқанымен, негізгі ойыншысын жоғалту — үлкен соққы болары анық.

34 жастағы Де Брюйне биылғы маусымда команда ойынының басты дирижері саналып, бірнеше нәтижелі пас пен маңызды голдарымен көзге түскен еді.

Еске сала кетсек, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қарашаның 15-і жұлдызында Қазақстан құрамасы “Астана Аренада” Бельгия құрамасын қабылдайды.

Бұл матчтан небәрі үш күннен кейін Ұлттық құрама биылғы жылғы соңғы ойынын Фарер Аралдарына қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров