Міне Әлем біріншілігінің финалдық кезеңінің жеребесіде тартылды. Соқыр жеребе 2010 жылғы чемпион мен вице-чемпионды бір топқа түсірді, ал керісінше Ресей құрамасы өзімен деңгейлес әрі қызықты қарсыластарға тап болды, ал "D" тобы өлім тобы саналды. Әлем чемпионатының тарихында бірнеше қызықты жәйттар мен нәтижелер тіркелді. Ал бүгін сөз еткелі отырғанымыз Әлем біріншілігің финалдық сынына өткен 32 құраманың өз тобындағы қарсыластарымен өткізген барлық кездесулер тарихын ұсынамыз. Сонымен:
"А" тобы: Бразилия, Хорватия, Мексика, Камерун.
Бразилия - Хорватия. Бұл екі құрама бір- бірімен екі рет жолыққан, бір ойынды Бразилиялықтар жеңсе, бір ойын тең аяқталған жалпы доп айырмасы 2:1.
Мексика - Камерун. Бұл екі құрама бір бірімен не бәрі бір мәрте кездескен, ол ойында да Мексикалықтар 1-0 есебін жеңген.
Бразилия - Мексика. Бұл құрамалар өзара 39 кездесу өткізген, 23-ін Бразилия жеңсе, 10-ын "ацтектер" жеңген, 6 мәрте тең тарқасқан, доп айырмасы 73-37.
Камерун - Хорватия. Өзара бұрын соңды кездеспеген.
Камерун - Бразилия. Бұлар өзара 4 кездесу өткізген, 3-ін Бразилиялықтар,1-ін қара құрлық өкілдері жеңген, доп айырмасы 1-7.
Хорватия - Мексика. Бұл құрамалар 3 мәрте жолыққан,2-ін Хорватиялықтар,1-ін "ацтектер" жеңген, доп айырмасы 5-2.
"В" тобы: Испания, Голландия, Чили, Австралия.
Испания - Чили.
Бұл құрамалар өзара 3 кездесу өткізген, 2-ін Испандар жеңсе, 1 мәрте ренжіспей тарқасқан, доп айырмасы 7-5.
Голландия - Австралия.
Бір қызығы бұлар 3 мәрте жолыққан, бірақ "қызғалдақтар" мәңгі жасыл құрлық өкілдерін тізерлете алмаған, 2-ін Австралиялықтар жеңсе, 1 рет тең ойнаған,доп айырмасы 2-3.
Голландия - Испания.
"қызғалдақтар"мен "қызыл фурия" елінің өкілдері өзара 12 рет жасыл алаңға шыққан, 4-ін Галлдар жеңсе, 6-ын Пиринейліктер, 2 ойын тең ойнаған, доп айырмасы 12-20.
Австралия - Чили.
Бұл қос құрама өзара 4 кездесу өткізіп, 3-ін Чилиліктер жеңіп, 1 мәрте тең тарқасқан,доп айырмасы 1-6.
Испания - Австралия. Бұлар ешқашан жолықпаған.
Чили - Голландия.
Не бәрі 1 рет қана жолығып 2:2 есебімен тең түскен.
"С" тобы: Колумбия, Грекия, Кот-д'Ивуар, Жапония.
Колумбия - Грекия.
1 рет жолығып 2:0 нәтижесімен Фалькаоның отандастары жеңген.
Кот-д'Ивуар - Жапония.
3 мәрте жолығып, 1-ін Ивуарлықтар, 2-ін Жапондар жеңген, доп айырмасы 2-2.
Жапония - Колумбия.
2 рет кездескен, 1-ін Колумбиялықтар жеңіп, 1 мәрте тең ойын көрсеткен, доп айырмасы 0-1.
Грекия - Кот-д'Ивуар. Бұрын соңды ойнамаған.
Кот-д'Ивуар - Колумбия.
Ешқашан жолықпаған.
Грекия - Жапония.
1 мәрте жолығып 0:1 есебімен Жапондар жеңген.
"D" тобы: Уругвай, Коста-Рика, Англия, Италия.
Уругвай - Коста-Рика.
2 рет кездесіп, 1-ін Уругвайлықтар жеңіп, 1 рет тең түскен,доп айырмасы 2-1.
Англия - Италия.
"тұманды альбиондықтар" мен "скуадрадзералықтар" 24 рет кездесіп, 8-ін Ағылшындар,9-ын Италиялықтар жеңген, 7 мәрте тең түскен, доп айырмасы 30-27.
Уругвай - Англия.
10 мәрте кездесіп, 4-ін Уругвай, 3-ін Ағылшындар жеңген,3 мәрте тең ойнаған,доп айырмасы 13-3.
Коста-Рика - Италия.
2 рет кездескен, 1-ін Коста-Рика, 1-ін Италия жеңген, доп айырмасы 1:1.
Уругвай - Италия.
10 рет кездескен,4-ін Уругвай, 2-ін Италиялықтар жеңген, 4 мәрте тең тарқасқан,доп айырмасы 13-11.
Коста-Рика - Англия.
Ешқашан жолықпаған.
(Жалғасы бар)
Дайындаған: Жұмағазиев Құрмет