Естеріңізде болса, біз сіздердің назарларыңызға "A", "B", "C", "D" тобындағы құрамалардың өзара кездесулерін ұсынған болатынбыз, ал енді қалған 4 топтағы құрамаларға тоқталсақ. Сонымен:
"Е" тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас.
Швейцария - Эквадор.
Бұл құрамалар өзара ешқашан жолықпаған.
Франция - Гондурас.
Бұл құрамаларда өзара ешқашан жолықпаған.
Швейцария - Франция.
38 рет кездескен,12-ін Швейцария,17-ін Франция жеңген, 9 рет тең ойын болған, доп айырмасы 59-65.
Эквадор - Гондурас.
12 рет жолыққан, 3-ін Оңт.Америка өкілі, 2-ін Сол.Америка өкілі жеңген,7 мәрте тең тарқасқан, доп айырмасы 13-12.
Швейцария - Гондурас.
1 рет ғана жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан.
Эквадор - Франция.
1 рет жолығып, 0-1 есебімен "үш басты әтештер" жеңген.
"F" тобы: Аргентина, Босния және Герцоговина, Нигерия, Иран.
Аргентина - Босния.
2 рет жолыққан, екеуінде де Аргентиналықтар басым болған, доп айырмасы 7-0.
Нигерия - Иран.
1 рет кездескен, 1-0 есебімен қара маржандар жеңген.
Аргентина - Нигерия.
6 рет жолыққан, 4-ін Аргентина, 1-ін Нигерия жеңген, 1 мәрте тең ойнаған, доп айырмасы 8-6.
Босния - Иран.
6 рет кездескен, 1-ін Босниялықтар, 4-ін Парсы шығанағындағылар жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 10-17.
Аргентина - Иран.
1 рет жолығып, 1:1 есебімен тең ойнаған.
Босния - Нигерия.
Осы Әлем біріншілігін алғаш кездескелі отыр.
"G" тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ.
Германия - Португалия.
9 рет жолығып, 5-ін немістер, 1-ін ғана Португалдар жеңген, 3 рет тең ойнаған, доп аырмасы 14-10.
Гана - АҚШ.
3 рет жолыққан, 3 інде де қара құрлық өкілдері жеңген,доп айырмасы 5-2.
Германия - Гана.
2 рет жолығып, 2 індеде немістер басым болған, доп айырмасы 7-1.
Португалия - АҚШ.
5 рет жолығып, 2 ін Португалия, 2 ін АҚШ құрамасы жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-5.
Германия - АҚШ.
9 рет жолығып, 6 ын немістер, 3 ін АҚШ жеңген, доп айырмасы 21-15.
Португалия - Гана.
Ешқашан жолықпаған.
"Н" тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея.
Бельгия - Ресей.
3 рет кездесіп, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2.
Алжир - Оңт.Корея.
3 рет кездесіп, барлығын Корейлер жеңген, доп айырмасы 2-8.
Бельгия - Алжир.
2 рет жолығып, 1 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 3-1.
Ресей - Оңт.Корея.
1 рет жолығып, 2:1 есебімен орыстар жеңген.
Алжир - Ресей.
Ешқашан жолықпаған.
Бельгия - Оңт.Корея.
3 рет жолығып, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2.
ЖҰМАҒАЗИЕВ ҚҰРМЕТ