Жарнама
Жарнама

Кезекті бомба трансфер – Ла лиганың бұрынғы жұлдызы Қазақстанға келе ма?

Бүгін, 14:25

Шымкенттік “Ордабасы” Мәскеудің “Спартак” клубы мен Конго ДР құрамасының белді ойыншысы Тео Бонгондамен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы журналист Қазбек Тайланов El Sport подкастында мәлімдеді.

Бонгонда — Еуропалық деңгейдегі тәжірибелі вингер. Мансабын Бельгияның “Зюлте-Варегем” клубында бастап, Испанияның “Сельта” және “Кадис” командаларында Ла Лиганың дәмін татқан.

“Генк” сапында 111 матчта 36 гол соғып, ел кубогы мен Суперкубогын иеленген.

2023 жылы Мәскеулік клуб оны 7,5 миллион еуроға сатып алған болатын.

Тео Конго ДР құрамасы сапында 36 матч өткізіп, 7 гол соққан. Ол Африка Ұлттар Кубогының жартылай финалына дейін жетіп, құрлықтық додаларда өзін үздік қырынан көрсетті. Оның жылдамдығы мен техникалық шеберлігі “Ордабасының” шабуыл шебін мүлдем басқа деңгейге көтеруі тиіс.

Журналист Тайлановтың айтуынша, қазіргі таңда тараптар ортақ мәмілеге келуге тырысуда.

“Тео Бонгонданың Қазақстанға келу ықтималдығы бар. “Ордабасы” келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер екі жақ келіссе, біз оны Қазақстан чемпионатында көретін боламыз.” — дейді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров