Жарнама
Жарнама

Кезекті легионер “Астанадан” кетуге дайын

Бүгін, 13:43

“Астана” және Босния & Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башич жазғы трансферлік терезеде командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Vesti.kz порталының хабарлауынша, 23 жастағы хавбекке бірнеше шетелдік ұжым көз тігіп отыр.

Башичтің ойынына Ресей Премьер лигасының бірнеше клубы және Швейцария жоғарғы дивизионының өкілі қызығушылық танытуда. Айта кетерлігі, Иван бұған дейін Ресей чемпионатында “Оренбург” сапында өнер көрсеткен болатын. 

Иван Башич елордалық клуб сапында барлық турнирде 16 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Босния & Герцеговина ұлттық құрамасы сапында 13 матч өткізген футболшының қазіргі нарықтық құны 1,2 миллион еуроны құрайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров