Жарнама
Жарнама

Кезінде Роналду мен Мессиден де мықты делінген Бен Арфа Астанаға келеді

26.09.2018, 21:27
Жарнама
Жарнама
Еуропа лигасының екінші турында «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен кездеседі. Екі дүркін Франция кубогының иегерімен кездесу 4 қазанға жоспарланған. «Ренн» бірінші турда Чехияның «Яблонец» клубын 2:1 есебімен ұтты. Жеңіс голын 91-минуттан пенальтиден Хатем Бен Арфа соқты. Кезінде бұл футболшыдан үлкен үміт күтілді. Команда сапындағы ең атақты футболшы да осы 31 жастағы Бен Арфа. Осы ретте 5 дүркін Франция чемпионы туралы әңгімелекпіз. Хатем Мессиге ұқсайды. Жас кезінде алаңда адам сенгісіз нәрселерді жасаған», – дейді Кәрім Бензема. «Бен Арфа тіпті Криштиану мен Мессиден мықтырақ», – дегенді Мамаду Сахо айтқан. «Оның допты сезінуі керек. Ол талант. Ол Месси мен Луис Суаресті еске түсіреді», – бұл «Ньюксл Юнайтед» бапкері болған Алан Пардьюдің сөзі. Лионель Месси Хатемнен 3 жарым айға кіші. Мессиде «Алтын доптың» бесеуі бар. Ал Бен Арфа Франция чемпионатын бес рет ұтқан. Соңғысын 2010 жылы жеңген. Шыны керек, былтыр ПСЖ бапкері Унаи Эмеримен қырылыспағанда тағы бір мәрте Париж төрінде чемпион атануға мүмкіндігі бар еді.. Хатем Тунис құрамасының жартылай қорғаушысы болған Камель Бен Арфаның баласы. Әкесі француз қызына үйленген. Сөйтіп, Камель Париждің қасындағы 50 мың тұрғыны бар Кламар қалашығында көшіп келеді. Бірақ футболды ұмытпайды. Баласы жеті жасқа толғанда «Шатне-Малабри» атты футбол мектебіне береді. «Әкем ешқашан мені жақсы көретінін айтқан емес. Маған сол жетіспеді. Өте кішкентай әрі тұйық бала болатынмын. Менімен ешкім сөйлеспейтін», – деп еске алады сол кезді Хатем. Бала кезінде карьерасында 10 жылдың ішінде 5 команда ауыстырады. Себебі біреу ғана: Үнемі командалас достарымен және бапкерлермен келіспей қала береді. «Клерфонтенеде» (Франциядағы ең танымал академия) оқығанда, өзінен бір жасқа үлкен денесі екі есе үлкен футболшы Әбу Диабимен төбелеседі. Бұл екуінің төбелесі деректі фильмдердің біріне де түсіп қалған. Кейіннен екеуі достасады. Хатем 17 жасында «Лионның» сапына ілігіп, 21 жасында  4 дүркін чемпион атанып үлгереді. Сосын «Марсельге» ауысып, тағы үш титул жеңіп алды. Осы тұста Англиядан ұсыныс түседі. «Гол» фильміндегі ТОП команда саналған «Ньюкаслдың» жейдесін киеді. Алдымен бір жыл жалға ойнайды, одан соң 4 жылдық келісімшартқа қол қойды. Хатемнің карьерасындағы ең қорқынышты сәт Найджель Де Йонгтің подкатынан кейін, аяғы екі жерден сынуы. Ота жасатып, жарақатынан айығуына өте көп уақыт кеткен болатын. Француз футболшысы жазылған соң, негізгі құрамда шығуға ұмтылады. Алайда бас бапкер Алан Пардью оны қосалқы құрамда қалдыруды жалғастырады. Бірде вингер демалыстан артық салмақпен келеді. Бірақ онысын бұлшықеттерімен байланыстырады. Оған қарамастан клуб 2500 еуро айыппұл салады. Бұл жағдай футболшының ашу ызасын тудырады. Хатем әріптестерінің де шыдамын тауысады (жаттығуда барын салмайды, ойын ке зінде қорғанысқа көмектеспейді) жанкүйерлердің көңілін қалдырады (ойындарда тырыспайды). Клубтағы әріптестері оны қуып жіберуді сұрайды. Ресми түрде оны «Ныюскалдың» жастар құрамасына ауыстырады. 2015 жылы Францияға оралып, «Ницца» командасының ойыншысы атанады. Осы кезде оның карьерасында қайта өрлеу басталады. Бұл команда сапында бір маусым ойнап, 34 ойында 17 гол соғады және бес нәтижелі пасы бар. Осыдан кейін оған қызығушылық танытқан клубтардың саны  қайтадан көбейеді. «Барселона», «Лион», ПСЖ клубтары өздеріне шақырады. Бен Арфа соңғысын таңдайды. Өйткені, ол бала кезден ПСЖ-ға жанкүйер болған. Өзінің айтуынша, Веа мен Жинола кумирі болыпты. ПСЖ сапындағы алғашқы ойынын Суперкубокта «Лионмен» өткізіп, гол да соғады. Бірақ қыркүйектің өзінде оны Эмери оны 4 матч қатарынан тізімге қоспайды. Тіпті, жаттығудан қуып жібереді: «Сен Месси емессің. Егер ол секілді болсаң, мен саған ештеңе демес едім. Сен жалғыз өзің ойын тағдырын шешемін деп ойлама». Сөйтіп, бас бапкермен ерегіседі. Осыдан соң, оны алаңға мүлдем шығарған жоқ. Хатемнің ПСЖ-дағы бірінші маусымында клуб екінші орын алады. Ал былтырғы чемпион атанатын жылы Бен Арфа бірде-бір кездесуде ойнамады. Жанкүйерлер бас бапкерден футболшыны алаңға шығаруды да талап етті. Егер алаңда кемі 1 минут ойнағанда алтын медальға қол жеткізер еді. Осы жылы ол ПСЖ-дан кетті. Қазіргі кезде «Ренн» сапында жүр. «ПСЖ-мен әріпстестігіміз осымен аяқталды. Қиындыққа қарамастан, осы клубтың жейдесін киіп ойнағаныма бақыттымын. Мен алаңдағы достарыммен бірге өткізген керемет кезеңді мәңгілік есте сақтаймын. Барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Әрдайым ПСЖ-ны жақсы көретін боламын», деп жазды Бен Арфа. Мамандардың бір кездері Месси мен Роналдумен салыстырған футболшысы 4 қазанда енді Астанаға келеді. Бен Арфаның ойынын «Астана Аренадан» көруге толық мүмкіндіктеріңіз бар. Айта кетейік, «Астана» мен «Ренн» арасындағы ойын 4 қазан күні сағат 20:50-де басталады. Билеттер онлайн Ticketon.kz сайтынан және «Marwin» / «Меломан» дүкендерінен алуға болады. Ал «Астана Арена» стадионының касалары мына уақытта істейді: 29 қыркүйектен 3 қазан аралығында 14:00 - 20:00 аралығы; 4  қазанда 14:00-22:00.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров