Қазақстан футбол федерациясы "KAZAKHSTAN" жазуы және федерация логотипі бейнеленген имидждік мойын орамалдарын сатып алмақ. Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған ресми мәліметтерде көрсетілген.
Жалпы сомасы 3 миллион теңгеге 1000 дана шарф сатып алынбақ. Тапсырыс беруші ретінде ҚФФ-ның операциялық департаменті көрсетілген.
Шарфтар акрил жібінен тоқылып, өлшемі 145 × 20 см болады. Дизайны екі жақты, бір жағында "KAZAKHSTAN" жазуы, екінші жағында федерация логотипі болады. Негізгі фоны ұлттық құраманың ойын формасының үлгісіне ұқсастырылып жасалады.
Сонымен қатар, әр шарфқа 20 × 30 см өлшеміндегі этикетка қоса тіркеліп, ламинацияланған картоннан дайындалады.
Жеткізу мерзімі келісімшарт жасалып, алдын ала төлем жүргізілгеннен кейін 35 күннің ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET