Қазақстан футбол федерациясының делегациясы Италияның Неаполь қаласында өткен Naples Sports Law International Conference 2025 халықаралық конференциясына қатысып қайтты, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Бұл форум бүгінде халықаралық спорт заңнамасындағы өзекті мәселелерді талқылайтын ең беделді алаңдардың бірі саналады.
ҚФФ атынан шараға Заң департаментінің директоры Бауыржан Тұрсынов пен жетекші заңгер Жанна Аманжолқызы қатысып, Қазақстандық футболдағы құқықтық тәжірибе мен реформалар бойынша пікір алмасты.
Конференцияны Sports Law and Policy Centre (SLPC) Еуропаның жетекші құқықтық ассоциацияларымен бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына CAS төрешілері, түрлі ұлттық федерациялардың өкілдері, университет ғалымдары мен Италия, Швейцария, Бельгия, Германия және өзге де елдердің әйгілі заң фирмалары қатысты.
Ресми бағдарлама аясында халықаралық спорт құқығына қатысты ең маңызды тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда:
Форумда саладағы беделді сарапшылар спикер ретінде сөз сөйледі. Олардың қатарында CAS төрешілері, халықаралық деңгейдегі профессорлар мен адвокаттар Massimo Coccia, Jeffrey Benz, Luigi Fumagalli, Jacopo Tognon, Roy Vermeer және басқа да танымал мамандар бар.
Біздің серіктес: FONBET