Жарнама
Жарнама

ҚФФ “Елімай” және “Ордабасы” матчындағы жанжал үшін қатал жазалар қолданды

Бүгін, 17:38

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті "Елімай" мен "Ордабасы" арасындағы кездесу бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ойын аяқталғаннан кейін орын алған жанжал үшін Семей клубының ойыншысы, бас бапкері, басқарушы директоры және матчтың бас төрешісі қатаң жазаланды.

Комитеттің ресми мәлімдемесіне сүйенсек, тәртіп бұзған тұлғаларға келесідей қатал санкциялар қолданылды:

Жан Әли Пайруз ("Елімай" ойыншысы): Алаң ортасында бас төрешіге физикалық қысым көрсетуге әрекет жасағаны үшін 4 матчқа ойыннан шеттетілді.

Андрей Карпович ("Елімай" бас бапкері): Төрешілердің іс-әрекетіне агрессивті түрде қарсылық білдіріп, финалдық ысқырықтан кейінгі жанжалға қатысқаны және беделді түсіретін мәлімдемелер жасағаны үшін 4 матчқа шеттетілді.

Фёдор Симиниди ("Елімай" басқарушы директоры): Алаңға заңсыз жүгіріп шығып, төрешілерге агрессия танытқаны және төрешілер бөлмесіндегі инцидент үшін 1 қазанға дейін "Елімай” матчтарына кіру құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіптік комитет тек тұлғаларды ғана емес, ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараған Семей клубының өзіне де қомақты қаржылай жаза қолданды.

Жанкүйерлердің төрешілерді балағаттағаны, алаңға заттар лақтырғаны және қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін "Елімай" клубына 300 АЕК айыппұл салынды. Бұған қоса, команданың жалпы тәртіпсіздігі (бір ойыншы мен екі ресми өкілдің алаңнан қуылғаны) үшін тағы 100 АЕК төлейтін болды.

Ойын аяқталғаннан кейін "Елімай” өкілдеріне қарата бейәдеп, балағат сөздер айтқаны үшін бас төреші Арман Исмұратов та 1 қазанға дейін төрелік етуден шеттетілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров