Жарнама
Жарнама

ҚФФ “Елімайды” аямады. Жанкүйерлердің әрекеті үшін клубқа қыруар айыппұл салынды

19.08.2025, 16:30

"Елімай" – "Ақтөбе" матчы бойынша Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.

Жарнама
Жарнама

20-турдағы "Елімай” – "Ақтөбе" ойынында жанкүйерлердің тәртіпке сай емес әрекеттері тіркеліп, олар алаңда фаерлер (от шашатын құралдар) қолданып, бас төрешіге қатысты балағат сөздер айтқан.

Осыған байланысты ҚФФ ДР-нің 64-бабы, 1-тармағына сәйкес "Елімай” футбол клубына (БСН 220740030745) 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл 393 200 (үш жүз тоқсан үш мың екі жүз) теңге.

Айыппұлды клуб 2025 жылғы 13 қыркүйекке дейін төлеуі тиіс.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров