Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 26-тур матчтарындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.
«8-минут. Допқа талас кезінде алаң иелері сапындағы №74 және қонақтар құрамындағы №25 ойыншылар арасында ереже бұзылғандай көрініс болды, сондықтан төреші ойынды тоқтатты. Ысқырықтан кейін екі ойыншы да спортқа сай емес әрекет жасап, бір-бірін итеріп жіберді. Алаң иесінің әрекеті сәл күштірек болғанымен, итеріс бастың не беттің тұсына бағытталмаған және ашық алақанмен орындалған. Қақтығыс шешілген соң төреші алаң иесіне №74 қызыл қағаз көрсетіп, қате шешім қабылдады, ал қонақтар сапындағы №25 ойыншыға сары қағаз көрсетуі – дұрыс шешім болды.
VAR шешімі: араласу болмаған – бұл қате шешім.
Төрешінің шешімі: алаң иесін ойыннан шығару – қате, себебі мұндай жағдайда спорттық емес әрекет үшін сары қағаз көрсетілуі жеткілікті еді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Жетісу» – «Қызылжар» арасындағы матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталған еді.
Біздің серіктес: FONBET