«Серый Cardinal» телеграмм-арнасы ҚФФ президенттігіне үміткерлердің арасындағы басты кандидатты айтты.
«Егер ештеңе өзгермесе, ҚФФ президенті болып Марат Омаров тағайындалады. АЗРК төрағасы өңірлік федерациялардың қолдауын ала алатын жалғыз шынайы кандидат. Мұның бір себебі онда саяси мемлекеттік қызметкер дәрежесі бар. Мықты қолдаушылар мен статуссыз ең озық деген идеялардың өзі егер соның авторы беделді болмаса тасада қалады. Омаровтың тағы бір басымдығына Қазақстан футболындағы ешбір топқа жатпайтындығын да қоса кету керек. Ал туған жерінде тұрған ештеңе жоқ. Онда барлығы біржақты емес», - делінген телеграмм-арнадағы хабарламада.
Қазақстан футбол федерациясын осыған дейін тізгіндеген Әділет Бәрменқұлов қызметінен өз еркімен кеткен еді. Отандық функционердің басшылығымен ұлттық команда Ұлттар Лигасында В дивизионына көтерілді және Еуро-2024-ке шығуға мүмкіндік алды. Алайда тоғыспалы ойында Грекиядан ұтылып, қарт құрлықтан шет қалды. Сондай-ақ, Әділет Назарбайұлының тұсында футбол мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған біраз жоба іске асырылды. Мысал ретінде «Алаң» жобасын келтіруге болады.
Сонымен ҚФФ-ның жаңа басшысысы осы айда тағайындалмақ. Аталған лауазымға үміткерлер арасында М. Омаровтан бөлек тағы 4 кандидаттың есімі белгілі.
Біздің серіктес: FONBET