ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов пен Магомед Адиев баспасөз-мәслихатын өткізеді

26.04.2024, 12:29

Алдағы дүйсенбіде Астанада ҚФФ Әділет Барменқұлов пен Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиевтің қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізеді. Жиын – сағат 11:00 де басталады.

Магомед Адиев пен Әділет Барменқұлов

Тақырыбы – Қазақстан футболының дамуы. Баспасөз-мәслихатында Отандық футболдың бүгіні мен болашағы талқыланып, Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі нәтижелері қортындыланбақ. Айта кетейік, сәуірдің бесінен бастап Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев Грозныйдың «Ахматының» тізгінін ұстаған болатын. Күні кеше ресейлік маман екі қызметті маусым соңына дейін қатар алып жүретінін айтты. Адиев жаттықтыратын «Ахмат» қазір РПЛ-де 21 турдан кейін 12-сатыда келеді. Кеше Грозныйлық клуб өзінің алаңында «Сочиді» 1:0 есебімен ұтып, турнирлік кестеде бірнеше саты көтерілді.