Жарнама
Жарнама

ҚФФ Президенті: Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы ешқандай әңгіме жоқ

16.10.2024, 10:35

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Матч ТВ» арнасына берген сұқбатында ұлттық команданың Словениямен өткен ойыны жайлы айтты.

ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, бас бапкер Станислав Черчесовтың өз қызметінен кетпейтінін де тілге тиек еткен болатын.

«Ұлттар Лигасындағы нәтижелерге қарамастан Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы ешқандай әңгіме жоқ. Ондайды ойламаймыз да. Құрама бапкерінің нақты міндеттері бар, соны орындауда. Қазір оның жұмысының нәтижесін көріп отырмын. Жастар мен жасөспірімдерді қосқандағы барлық құрамаларымыздың жүйелі дайындығын ұмытпаңыздар. Станислав Саламұлының бұл бағыттағы жұмыстарының барлығы жүйеленген әрі біз жоспарлағандай жүруде. Словениямен матчтан кейін бас бапкер мен команданы құттықтап шықтым. Ойыншыларға: «Жігіттер, сендер ойнап жүрген футбол мүлде өзге – бізге нағыз керегі де осы» дедім. Бұл жаңа стиль, жаңа философия. Команданың көңіл-күйі дұрыс, жігіттер тек жанкүйерлер үшін уайымдауда», - деді Ә. Бәрменқұлов.  

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының төрт турында бірақ ұпай алып, өзінің тобында соңғы орында келеді. Станислав Черчесовтың командасы келесі кездесуін Аустриямен өткізеді. Бұл бәсеке 14-қарашада өтеді.  Соңғы турда сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрмақ. Бұл ойын қарашаның он жетісіне жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров