Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевтің жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдіріп, жаңа жаттықтырушыны тағайындау жоспарымен бөлісті.
"Жаңа бас бапкердің кім болатыны туралы шешімді команда елге оралғаннан кейін қабылдаймыз.” – деді Омаров.
Журналистердің "Бұл шетелдік маман ба, әлде жергілікті жаттықтырушы ма?” деген сұрағына ол былай жауап берді:
"Біз шетелдік немесе жергілікті деп бөлмейміз. Ең бастысы бапкердің кәсіби деңгейі мен тәжірибесі. Сондықтан қазір нақты айтуға ерте.” деп түсіндірді ҚФФ басшысы.
Сонымен қатар, Омаров қазіргі уақытта ұлттық құрамаға бас бапкерлікке үміткерлер тізімі жоқ екенін де атап өтті.
Біздің серіктес: FONBET