Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-дисциплина және этика комитеті Премьер Лиганың 14-турында "Жетісу" мен "Қайсар" арасындағы кездесудегі оқиғаны қарап, Талдықорғандық футболшы Нұрбол Ануарбековке қатысты шешім қабылдады.
Ойыншының допқа ойнау мүмкіндігі болған сәтте ережені ауыр бұзғаны анықталды. Сол себепті Ануарбеков екі матчқа дисквалификацияланды.
Дисквалификация мерзімі 17 қыркүйектен бастап есептеледі. Осылайша, "Жетісу" ойыншысы алдағы екі Қазақстан чемпионаты матчына қатыса алмайды.
Біздің серіктес: FONBET