Жарнама
Жарнама

“ҚФФ-тың қаржысы Балтиевтің айлық пен сән-салтанатына төгіліп жатыр”

20.08.2025, 19:35

Белгілі Қазақстандық журналист Ербол Каиров Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиевтің қызметін сынға алды.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, бұрынғы футболшы шектен тыс жоғары еңбекақы алуда.

"Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиевтің айлығы айына бес миллион теңге. Бұған қоса, автокөлікке 500 мың, Rixos қонақүйінде тұруына тағы 500 мың теңге бөлінеді. Осынша қамқорлық жасалатындай ол не бітіріп жүр?” – деді Каиров.

Журналист сондай-ақ Балтиевтің ҚФФ-тағы жұмысына қарамастан, Ресейдің Сочи қаласында тұрып, агенттік іспен айналысып жүргенін еске салды.

"Руслан Қазақстан құрамасының аңызы, бірақ неге Сочиде тұрады? "Жетісуды” одан кейін "Шахтерді” жасақтаған. Сонда осылардан ақша таба алмаған ба, енді федерацияны "саууға” көшкен бе?" – деп қосты журналист.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров