Жарнама
Жарнама

ҚФФ және ҚПЛ жаңа демеушісін таныстырды

28.05.2025, 00:53

Қазақстан футбол федерациясы жаңа демеушімен келісімшартқа отырды.

Жарнама
Жарнама

 Yandex Qazaqstan Қазақстан футбол федерациясының, Қазақстан Премьер-Лигасының және ұлттық құраманың ресми серіктесі атанды.

Жанкүйерлер Қазақстанның клубтық турнирлерінің ойынын «Кинопоисктен» тамашалай алады. «Кинопоиск» пен ҚФФ жанкүйерлерге әр тур сайын үздік ойынды таңдауға эксклюзивті мүмкіндіктер ұсынады.

«Яндекс Іздеу» жүйесі арқылы ойын нәтижелерін, кесте, ойыншылар құрамы және өзге де маңызды ақпараттарды оңай бақылауға болады.

Бұдан бөлек, ҚФФ мен Yandex Qazaqstan қалалық сервистер арасында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте стадиондарға арнайы көлік қою, жанкүйерлерге арналған инфрақұрылымды дамыту сынды мәселелер қарастырылып жатыр.

«Цифрлық сервистермен серіктестік құру біз үшін футболды танымал етуге, жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл әріптестік қазақстандық футболға деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтеретініне сеніміміз мол», – деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: