Жарнама
Жарнама

Хаби Алонсо: “Алматының таулары қатты ұнады”

01.10.2025, 00:20

Алматыдағы тарихи кездесуден кейін "Реал Мадридтің" бас бапкері Хаби Алонсо жергілікті жанкүйерлердің қонақжайлығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, "Қайрат" өз деңгейінде ойнап, Чемпиондар лигасында бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Хаби Алонсо:

"Қайраттың” лигада ойнауға шамасы жетеді. Бізді жақсы қарсы алды, стадионда тамаша атмосфера болды.

Иә, алғашқы минуттарда біз біраз абдырадық. Бірақ Арда Гулердің шеберлігінің арқасында прессингтен сәтті шығып, шабуылды ұйымдастыра алдық. "Қайрат" ойынды жақсы бастады.

Алматының таулары өте әдемі екен. Шынымды айтсам, табиғат ерекше әсер қалдырды.

Біз Арданың жақсы қасиеттерін қолдануға тырыстық. Ол Мбаппемен жақсы үйлесім тапты. Бұл үшін оған алғыс айтамын.” – деді Испандық маман.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров