"Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо Килиан Мбаппеге жоғары баға беріп, оны Криштиану Роналдумен салыстырды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маман Мбаппенің "Реал” сапындағы рөлін бағалай отырып, екі ойыншыны біріктіретін ортақ қасиеттерге тоқталды.
Хаби Алонсоның айтуынша, Килиан Мбаппе клуб тарихында Криштиану Роналду секілді өзіндік із қалдыруға ұмтылуда.
"Килиан Криштиану істегендей, "Реалдың” тарихында өз ізін қалдыруға қарай жылжып келеді. Оның амбициясы мен статистикасы... Ол — сол таңдаулылардың бірі. Онымен күнделікті жұмыс істеу – нағыз ләззат. Мбаппенің басқаларға ықпал етуге деген құлшынысы, оның жігер беретін энергиясы – міне, осы қасиеттер оны Криштиануға жақындатады. Мен олардың ортақ тұсын осыдан көремін.” — деді Алонсо AS басылымына берген сұхбатында.
Бапкер екі футболшының ұқсас жақтарын ғана емес, олардың әрқайсысының жеке даралығын да ерекше атап өтті:
"Криштиану – Криштиану, ал Килиан – Килиан. Екеуі де – ерекше футболшылар. Килианның бары – үлкен бақыт. Біз оның әлеуетін барынша толық пайдалануымыз керек.” — деп сөзін түйіндеді Алонсо.
Біздің серіктес: FONBET