Жарнама
Жарнама

“Хаби Алонсо оны жақсы біледі” – “Қайраттың” капитаны Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” болашағына қатысты мәлімдеме жасады

19.05.2026, 12:52

Александр Мартынович шабуылшы Дастан Сәтпаевтың “Челсиге” ауысуы және оның әйгілі бапкер Хаби Алонсомен жұмыс істеу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі қорғаушы Sports24.kz сайтына берген сұхбатында бұл трансфердің астыртын артықшылықтарын жайып салды.

Александр Мартыновичтің пайымдауынша, “Челсидің” жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның Лондондықтар тізгінін ұстауы қазақ баласы үшін таптырмас мүмкіндік болмақ. Себебi Испаниялық маман Сәтпаевтың қарым-қабілетімен бұрыннан таныс.

“Мен Дастанның өзіне де айттым: бұл жағдайда ол үшін белгілі бір плюс бар. Себебі олар кезінде бізге қарсы ойынға міндетті түрде дайындалды, біздің тактикамызды талдады. Сондықтан Алонсо Сәтпаевты және оның алаңдағы ең мықты қасиеттерін өте жақсы біледі.” — деп атап өтті қорғаушы.

Дегенмен, “Қайрат” капитаны жас таланттың Ағылшын Премьер лигасындағы жолы тым жеңіл болмайтынын да жасырмады. Еуропаның басты лигасына бейімделу үшін үлкен еңбек керек.

“Қандай жағдай болмасын, бұдан былай бәрі Дастанның өзіне байланысты. Алонсо ма, әлде басқа бапкер бола ма — оған алаңда өз мықтылығын және сол деңгейге лайық екенін үнемі дәлелдеуге тура келеді. Ал мұны іске асыру ешқашан оңай болмайды.” — деп қосты Мартынович.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров