Бразилиялық шабуылшы Халктың “Ақтөбе” сапына қосылуы туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
5 миллион доллар: Орындалмас талап па?
Мәселенің төркіні — футболшының сұрап отырған жалақысында. Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша Халк Қазақстанға келу үшін жылына 5 миллион доллар көлемінде еңбекақы талап еткен. Бұл сома оның кезінде Ресейлік “Зенитте” алған жалақысынан екі есе аз болғанымен, Қазақстан чемпионаты үшін тым жоғары көрсеткіш.
Клуб мүмкіндігі мен Халктың қазіргі табысы
“Ақтөбе” басшылығы әлемдік деңгейдегі жұлдызды өз сапына қосу үшін қомақты қаржы жұмсауға дайын болды. Клуб 2 миллион доллардан астам жалақы ұсынуды қарастырған, бірақ 5 миллиондық меже “Ақ-Қызылдар” үшін де, жалпы қазақ футболы үшін де ақылға қонымсыз шығын болып саналады.
Дереккөздің мәліметінше Халк қазір өз отанында жылына шамамен 1,8 млн доллар табыс табады.
Қазақстанға келу үшін ол өз табысын үш есеге жуық арттырғысы келеді. Ал, “Ақтөбе” тарапы мұндай қаржылық тәуекелге баруды артық деп тапқан көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET