Жарнама
Жарнама

Хамес Родригес МЛС-ке жол тартты – “Ақтөбе” емес, АҚШ

Бүгін, 08:40

34 жастағы Хамес Родригес мансабын Солтүстік Америкада жалғастырмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Өткен жылдың желтоқсан айында Мексиканың "Леон" клубымен келісімшарты аяқталғаннан бері еркін агент мәртебесінде жүрген ойыншының жаңа командасы анықталды.

Хамес кәсіби жолын Колумбияның "Энвигадо” клубында бастап, кейін Аргентинаның "Банфилд” сапында таныла бастады. Оның Eуропалық додалардағы асулары әлемнің алпауыт ұжымдарымен тығыз байланысты.

  • "Порту" (Португалия)
  • "Монако” (Франция)
  • "Реал Мадрид” (Испания)

Әлемдік деңгейдегі үздік клубтарда ойнап, доп шебері ретінде мойындалған Хамес енді МЛС-тегі "Миннесота Юнайтед” сапына қосылуға дайын. Инсайдерлердің хабарлауынша, тараптар келіссөздердің соңғы сатысына келген.

Футболшының өкілдері оның қызметін бірнеше елдің, соның ішінде Қазақстан Премьер лигасының командаларына да ұсынған. Осыған дейін отандық БАҚ беттерінде Хаместің есімі "Ақтөбе” клубының трансферлік тізімінде жүргені туралы ақпарат тараған болатын.

Тіпті, Еуропаның ортанқол ұжымдары да тәжірибелі плеймейкерді өз қатарынан көргісі келгенімен, Хамес таңдауы мұхиттың арғы бетіндегі "Миннесотаға” түсті. Осылайша, Қазақстандық жанкүйерлердің әлемдік деңгейдегі жұлдызды өз алаңдарымызда көруі туралы арманы бұл жолы орындалмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров