Мальталық команда бірінші кездесуде жаман ойнаған жоқ, қарсылас қақпасына 17 рет соққы бағыттаған.
Бірақ, нүкте қояр сәтте сәттілік жетіспеген еді. Енді арада бір апта салып, мальталықтар кеткен есесін қайтара ала ма? 2 доп айырмасын қайтару оңай болмасы анық, алайда «Хамрун» Еурокубоктерде біраз тәжірибе жинап қалған ұжым. Ішкі біріншіліктегі 16 ойынның 8-ін ұтып, 4 рет жеңіліп, дәл соншама рет ұпай бөліскен еді.
Қазақстандық бапкер жаттықтыратын литвалық команда бірінші ойында қарсыласынан асып өнер көрсетпеді. Тек «Жальгирис» өзіндегі мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Айқын екі мүмкіндік болған, соларды іске асырды. Чебурин шәкірттеріне ертең тең нәтиже де жеткілікті. Бірақ, литвалықтар сырт алаңда тартынып қалмас деген болжам бар. Вильнюс қаласының ұжымы Литва чемпионатында бар болғаны 6-орында келеді - 19 турдан кейін 6 жеңіс, 7 жеңіліс пен алты тең ойын. Қоржынында 25 ұпай. Литва біріншілігінің көктем-күз жүйесінде өтетінін де айта кету керек.
Бұл кездесуде екі команда да гол салуы тиіс. Осы вариантты таңдағандар үшін Fonbet.kz 1.88 коэффициент береді.
Біздің серіктес: FONBET