“Хан-Тәңірі” турнирлік кестедегі көршісімен тең тарқасты

Алматылық команда мен “Тараз” арасындағы Бірінші лиганың 6-турындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады.

Бірінші лига, 6-тур

“Хан-Тәңірі” 0:0 “Тараз”

Бүгінгі ойында ұпай бөліскен “Тараз” бен “Хан-Тәңірі” турнирлік кестенің 6 және 7 орындарында орнықты. Лиганың көшбасында “Екібастұз”, “Каспий” және “Жетісай” клубтары келеді. Олардың қоржынында 13 ұпайдан. 

“Хан-Тәңірі” чемпионаттағы келесі кездесуін 16 мамыр күні “Түркістанға” қарсы өткізбек. Ал “Тараз” болса, өз алаңында “Ұлытауды” қабылдайды. 

Материалда: