Жарнама
Жарнама

“Хан-Тәңірі” үш білдей ойыншысымен қоштасты

Алматылық ұжымның үш ойыншысы жақсы ұжымдардың қатарын толықтырды.

Жарнама
Жарнама

Құйтырқы соққысымен көзге түсіп жүрген Артем Литош мансабын қарағандылық Шахтерде жалғастыратын болады. 20 жастағы футболшы Хан-Тәңірі сапында осы маусымда 15 ойын өткізіп, 6 гол соқты. Сол арқылы Алматы командасының сөзсіз лидерлерінің біріне айналды. 

“Шахтер” қатарында Литош тәжірибелі Айдос Тәттібаев пен Диас Қалыбаевтарға бәсекелес атанады. 

21 жастағы Артур Пискун “Екібастұз” командасына кетті. Жас шабуылшы Павлодар ұжымында 3 ойын өткізіп, 2 гол соғып үлгерді. 

Артур “Хан-Тәңірі” командасынан кетпей тұрып, осы маусымда 15 матч өткізіп, тек 1 голдық нәтиже тіркеді. 

Қақпашы Дәурен Тоқмағамбетов болса, Премьер-лигадағы Тұранға қосылды. Кеше оның командасы Ордабасыға қарсы ойында 0:4 есебімен ұтылды. Аталған кездесуде Дәурен қосалқы құрамда болды. 

Тоқмағамбетов осы маусымда Хан-Тәңірі сапында 5 ойын өткізіп, өз қақпасына 6 гол жіберді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: